9-сынып · Биология · §18 · Абсорбция және реабсорбция
Сұрақтар дөңгелегі · §18 Нефрон, ультрасүзілу
Кезекпен дөңгелекті айналдыр. Нөмір – сұрақ, түсі – ұпай: сары 1, көк 2, қызыл 3.
Кезек: 1-ойыншы
Тәулігіне 170 л → 1,5 л
«Бастау» батырмасын бас.
Проблемалық сұрақ
Бүйректе тәулігіне 150–170 литр бірінші реттік несеп түзіледі. Ал адам тәулігіне шамамен 1,5 литр ғана несеп шығарады. Қалған 168,5 литр сұйықтық қайда кетеді?
170 л
бірінші реттік несеп
0 л
қанға кері сорылды
0 л
екінші реттік несеп
«Салфетка» тәжірибесі
Үстелге аздап су төгіп, үстіне салфетка қой – су салфеткаға сіңеді (абсорбция). Салфетканы стақанның үстінде сық – су кері қайтады. Нефронның ирек өзекшесі де пайдалы заттарды қанға осылай «кері қайтарады» (реабсорбция).
Несеп зауыты
Затты таңда → үш сұраққа болжам жаса → «Нефронға жібер».
PISA · Несептің құрамы
8-кесте бойынша (оқулық). Сәуленің деректері шартты.
Зат
Қан сарысуы, %
Бірінші реттік несеп, %
Екінші реттік несеп, %
Қатынасы
Несепнәр
0,03
0,03
2,0
65 есе көп
Несеп қышқылы
0,004
0,004
0,05
12 есе көп
Глюкоза
0,1–0,15
0,1–0,15
–
несепте болмайды
Калий
0,02
0,02
0,15
7 есе көп
Натрий
0,32
0,32
0,35
шамамен сондай
Медициналық зертханада Сәуленің несебі тексерілді. Оның несебінен глюкоза табылды.
1) Неге несепнәр екінші реттік несепте 65 есе көп?
2) Сәуленің несебіндегі глюкоза қай үдерістің бұзылғанын көрсетеді?
Иә / Жоқ · бекіту
Әр тұжырымға 10 секунд. Ойыншылар кезекпен жауап береді.